22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанада «Тәуелсіз елім – тірегім» атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Айтулы шараны Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасы Amanat партиясымен бірлесіп ұйымдастырды. Дүбірлі додаға талай бәйгеде топ жарып, жұртшылықтың ризашылығына бөленіп жүрген Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Төлеген Жаманов, Біржан Байтуов, Рүстем Ақылбеков бастаған он төрт ақын қатысты. Айтыс тізгінін ұстаған көрнекті ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтаев сөз сайысын тамашалауға келген ағайынға алғысын айтып, бәйгеге шапқалы отырған жүйріктерге сәттілік тіледі.