Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшылығы Қазақстандағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті (ХҚКК) миссиясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық Азия елдерінің қарулы күштерімен, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен және ҰҚШҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымымен жұмыс жөніндегі делегаттың миссиясының аяқталуына байланысты Винко Мославаца орнына келген Раджив Кумар Наирмен таныстырды.
Кездесуге қатысушылар ҚР Қорғаныс министрлігі мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы 2023 жылға арналған ынтымақтастық жоспарының жобасын, сондай-ақ алдағы өзара қарым-қатынастың басқа да мәселелерін талқылады.
Қазақстандағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті миссиясының нұсқаушылары Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік операциялар және әскери медицина орталықтарына жәрдемдеседі, БҰҰ миссияларының бітімгерлік контингенті құрамында қызмет өткеруге дайындалып жатқан әскери қызметшілермен курстар мен сабақтар ұйымдастыратынын айта кеткен жөн.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер