22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанадағы шаңғыроллер тас жолында қысқы спорт маусымы салтанатты түрде жалауын көтеріп, шаңғы жарысымен ашылды. Шаңғы жарысы бірнеше жас ерекшеліктері бойынша 500 метр және 5 шақырым қашықтықта өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фестивальдің ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов жиналғандарды шаңғы мерекесімен құттықтады.
Астанада шаңғы спорты кең өріс алған. Осындай жарыстарды ұйымдастыру дәстүрге айналып жыл сайын қолдау көрсетіліп келеді. Бұл халықтың қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылығының артуына ықпал етеді. Сондықтан бүгінгідей бұқаралық сипат алып отырған шаңғы мерекесінің маңызы зор. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен және қысқы спорт маусымының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын, - деді Еркеғали Давлетханұлы.
Айтулы шараға 500-ге жуық қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. Мерекелік шарада ересектер мен балалар араласа жүріп шаңғы тепсе, енді бірі гір тасын көтеруге, қол күресіне, арқан тартыс және белбеу күресіне қатысып өз бақтарын сынады. Сондай-ақ, мерекелік шара аясында көрермендер мен қатысушылар арасында лотерея ойындары ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылды.
Әр жас шамасына қарай бөлінген топтардың арасынан суырылып шыққан жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев