Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты25 сәуір – Қазақстан футболының күніне орай елордада ерекше форматтағы жолдастық матч өтті. Бұл тек ойын емес, футбол тарихына көз жүгіртіп, спортсүйер қауымды бір сәтке естелікке жетелеген айтулы шара болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу басынан қазақстандық футболшылардың белсенділігі байқалып тұрды. Шабуыл шебінде Мұрат Тілешев бірнеше қауіпті сәт туғызды. Алайда көп ұзамай ойын тізгіні шетелдік аңыз ойыншылардың қолына өтті. Испания құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Гаиска Мендьета белсенділік танытып, дәл соққысымен есеп ашты.
Ойынның екінші кезеңінде Қазақстан құрамасы шабуылдарын үдетіп, есепті теңестіруге тырысты. Нәтижесінде Азат Нұрғалиев өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып, таразы басын теңестірді. Кейін ол тағы бір нәтижелі шабуылды сәтті аяқтап, өз командасын алға шығарды.
Дегенмен, матч соңына қарай Қазақстан құрамасының қорғаушылары айып алаңында ереже бұзды. Осының нәтижесінде төреші пенальти белгіледі. Бұл мүмкіндікті Болгария құрамасының бұрынғы шабуылшысы Димитр Бербатов сәтті орындап, есепті теңестірді — 2:2.
Осылайша, футболдың қос дәуірі тоғысқан тарихи матч өз мәресіне жетті. Бұл тек доп қуалаған ойын емес, жанкүйер жүрегін елжіреткен, өткенді еске түсірген, болашаққа шабыт берген ерекше шара болды.
Қазақстан футболының күні осындай жарқын естеліктермен есте қалды.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды