Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыNEET санатындағы жастармен өзара іс-қимыл елордада жастар саясатын іске асырудағы басым бағыттардың бірі болып саналады. Осы санаттағы жастардың санын азайту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл қызмет туралы ӨКҚ брифингінде Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраев атап өтті.
Осы бағыт шеңберінде биыл JolTap жобасы іске асырылуда. Онда 6,5 мың адамды жұмыс дағдыларына және «Freelance Mumkindik» жобасы шеңберінде 3 мың адамды цифрлық дағдыларға оқыту жоспарланған.
Сонымен қатар, жыл сайын Бос орындар жәрмеңкелері, кеңестер, конкурстар және басқа да жобалар мен іс-шаралар өткізіледі.
Zhas project жобасы мемлекет ұсынатын жастар үшін жақсы мүмкіндіктердің бірі болып саналады.
Бұл шаралар NEET санатындағы жастардың әлеуметтенуіне оң әсер етеді. Жоба шеңберінде NEET санатынан 18 жастан 35 жасқа дейінгі жастардың әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды іске асыруға 1 млн теңге көлемінде грант алуға мүмкіндігі бар. Жобаларды іске асыру мерзімі – 4 ай. Біз өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайынбыз. Белсенді жастарды жобаға қатысуға шақырамыз, - деді Самат Ибраев.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді