Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлорда прокуратураcы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
Атап айтқанда мемлекет ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін, оның ішінде түрлі алымдар мен баждарды төлеуден босатыла отырып, бірқатар жеңілдікке кепілдік береді.
Алайда елордадағы кейбір жеке нотариустар аталған адамдардан мемлекеттік бажды заңсыз өндіріп алған, ал Салық кодексінің 617-бабының 4-тармағымен олар нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде төлемнен босатылған.
Енді бір жағдайда салық органдары аталған контингент оларды төлеуден босатылғанына қарамастан, көлік, жер үшін төлемдерді заңсыз есептеген.
Бұл жағдайда салық органдары алымдарды төлеуден босату құқықтарының бар-жоғын анықтауға да тырыспаған.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жеке нотариустар мен салық салушылардың қызметіндегі заңсыз практика алынып тасталды.
Бұған дейін Астана қаласында мәслихаттың шешімімен (2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 476/60-VI) азаматтардың осындай санаты үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму үшін төлеген кезде 100%, 50% және 25% жеңілдіктер көзделгені хабарланған болатын.
Прокурорлар анықтағандай, елорданың 100 мыңнан астам азаматы бұл құқықты жүзеге асырмаған. Қадағалау актісі енгізілгеннен кейін ерекше қажеттіліктері бар 4 мыңнан астам адам тізімге енгізіліп, олар тиесілі жеңілдіктерді ала бастады. Уәкілетті орган қалған адамдарды тізімге енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді