Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАстана қаласының №8 мектеп-лицей аумағында орналасқан «ЖасЛандшафт – Табиғатты түлет!» атты экологиялық-шығармашылық ландшафтық бақтың ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, аталған жоба «Жасыл әлем» жазғы лагері мен «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, 14-16 жас аралығындағы оқушылардың бір ай бойы еңбегінің нәтижесі болды.
Бақтың жобасы ерекше мәнге ие – оның жалпы көрінісі күннің шуағын бейнелейді. Композицияның дәл жүрегінде күн энергиясымен жұмыс істейтін фонтан орналасқан, ол табиғатпен үйлесімді өмір сүру мен баламалы энергия көздерін қолданудың нышанына айналды. Ал күн сәулесі тәрізді тарамдардың шеткі бөліктерінде оқушылар мен ұстаздар пайдалы шөптер мен көкөніс дақылдарын еккен, - делінген мәліметте.
Жас экологтар мектеп ауласын көгалдандырып, арам шөптермен экологиялық әдістер арқылы күресті. Сондай-ақ, табиғи тастар мен ағаш элементтерін пайдаланып, ландшафттық дизайн жобаларын іске асырды. Игі бастама тек аула көркін арттыру ғана емес, балалардың табиғатқа деген жанашырлығын, шығармашылық қабілеті мен экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?