Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанадағы амфитеатрда «Классикалық өнер» бөлімінің солистері мен Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің қатысуымен музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл іс-шара Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы «GRAND FEST» музыкалық фестивалі аясында ұйымдастырған концерттік бағдарламалар сериясының бір бөлігі болды.
Концерттік бағдарламада әлемдік және қазақ симфониялық, вокалдық және камералық музыка үлгілері ұсынылды. Кеш барысында қазақ операларынан ариялар мен дуэттер, халық әндері, романстар, аспаптық миниатюралар мен Отан тақырыбындағы заманауи шығармалар орындалды.
«GRAND FEST» фестивалі – елорданың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналып, отандық музыкалық өнерді насихаттауға және қала тұрғындарының мәдени тыныс-тіршілігін байытуға бағытталған жобалардың бірі. Ашық аспан астындағы амфитеатр сахнасында түрлі жанр бойынша жанды музыка орындалды. Бұның барлығы түрлі буын өкілдерін топтастырған жылы әрі шабыт сыйлайтын атмосфераны қалыптастырды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді