30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада 2019 жылы бекітілген қаланың дизайн-кодына сәйкес сыртқы жарнама мен маңдайшаларды ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта бекітілген дизайн кодқа сәйкес келмейтін 1200-ден астам жарнамалық элемент бөлшектелген. Мұндай ереже бұзушылықтарды жою үшін шағын және орта бизнес иелеріне сыртқы жарнаманы сәйкестендіру туралы хабарламалар жіберіледі. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізіліп келе жатыр.
Астана қаласының урбанистика орталығы маңдайшалар бойынша 400 эскиздік ұсыныс пен ұсыным әзірледі. Қалалық урбанистика орталығында келісілмеген сыртқы жарнама визуалды шу шығаратынын, қаланың жалпы көрінісі мен үйдің келбетін бұзатынын атап өтті. Мұндағы мақсат – сыртқы жарнаманы ретке келтіріп, біртұтас және тартымды қалалық ортаны құру болып отыр.
Қазіргі уақытта «Лазурный квартал», «Триумфальный тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Сәтбаев, Түркістан көшелерінің, Мәңгілік ел, Республика даңғылдарының және т.б. бойында орналасқан тұрғын үй кешендері бойынша жұмыс жүргізілуде.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды