19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Астаналық ауруханада бұрын жұмыс істеген медбике әріптесінің банктік картасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы Есіл ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері қалалық ауруханада бөтеннің банктік картасын ұрлап, бірнеше дүкен мен кафелерде төлем жасаған 22 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында жас қыздың сол жақ жағалаудағы ауруханада бұрын медбике болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол құжаттарын алуға келгенде қызметкерлер бөлмесіне еш кедергісіз кіріп, бұрынғы әріптесінің банктік картасын алып кеткен. Күдікті ұрланған картамен дүкенде сауда жасаған, кафеден кофе алған, осылайша 115 мың теңгені заңсыз жұмсаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қыздың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары