19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордалық NS Street Life спорт алаңында жастар арасында баскетболдан турнир өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, турнирге белгілі спортшылар, қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды
Қатысушылар арасында әлемнің бірнеше дүркін рекордшысы Сергей Цырульников, ММА спортшысы Василий Тахтай, қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер, Қазақстандағы Street Workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Айтым Жақыпов, қазақстандық кәсіби баскетболшы және ұлттық құраманың ойыншысы Антон Пономарев және өзге де белгілі тұлғалар болды.
Бұл ойын қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылып, достық мақсатта өтті. Біз осындай кездесулерді алдағы уақытта да өткізгіміз келеді.
Балаларды қызықтырып, олардың спортқа деген қызығушылығын ояту керек.
Баскетбол жастар арасында өте танымал. Ең бастысы – салауатты өмір салты және ылғи да кез келген ауа райында спортқа дайын болу, – деді жаттықтырушы Азамат Құбышев.
Іс-шараны елорда әкімдігі мен «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Басты мақсат – жастарды салауатты өмір салтына баулу және командалық спорт түрлерін дамыту.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары