29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАуа райының нашарлауына байланысты 18 қарашада қалалық стационарларға медициналық көмек бойынша жүгінген азаматтар бар. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осылайша, жедел медициналық жәрдем бригадасы төрт науқасты түрлі жарақаттары бойынша Көпбейінді қалалық ауруханалардың жарақат пунктіне жеткізді. Олар негізінен көгеру, жара секілді жарақаттармен түсті. Бір бала аяқтың жабық сынуымен жеткізілді. Пациенттердің бәрінің жағдайы қанағаттанарлық, реанимациялық жағдайға түскен науқастар жоқ.
Науқастардың бір бөлігі медициналық қызметкерлер тексергеннен кейін асқынулардың болмауына байланысты амбулаториялық емделуге жіберілді.
Кейбір зардап шеккендер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жедел жәрдем көлігімен жарақат пунктіне барудан бас тартты.
Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, екпіні 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желінің күшеюіне, кей тұстарда 23 м/с болуына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері дүлей желдің салдарын жою үшін жұмыс істеп жатыр.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек