Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕлордада «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, қаланың кәсіпкерлері, меценаттары акцияға қосылып, балаларды мектепке дайындауға көмек көрсетіп жатыр.
Акцияның мақсаты – әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу, - делінген мәліметте.
Демеушілер мен меценаттарды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі, бүгін Білім басқармасының ұйымдастырумен «Aua electronics» компаниясының директоры Айдана Өтебалиеваның демеушілігімен 400 балаға мектепке керек құрал-жабдықтарымен көмек көрсетілді.
Сонымен қатар жаңа 2024-2025 оқу жылында аудан әкімдіктерімен бірлесіп, демеушілік қаражаты есебінен мектеп керек-жарақтары мен рюкзактары түрінде әлеуметтік осал санаттағы 5 мыңнан астам бала қамтылды. Аталмыш акция жалғасып жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді