20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының Жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті.
Ұйымдастырушылар жаңа жылдық қайырымдылық шырша барсыныда аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балаларға көмек көрсетіп, сондай-ақ оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Достық үйінің концерт залында өткен шараға 100-ге жуық балалар мен ата-аналар қатысты. Олардың арасында танымал продюсер Алпамыс Шәрімов, жайдарманшы Ғалым Махамбетов пен ұлы Расул да болды. Аяз ата мен Ақшақар, Микки Маус пен Гринч, Миньон және Темір адам бейнесіндегі ертегі кейіпкерлері қойылымдар көрсетіп, бүлдіршіндерді ерекше әсерде қалдырды. Арнайы ойындар мен концерттік бағдарлама да кештің сәнін аша түсті.
Мереке соңында әр балаға жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері де балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, игі лебіздерін білдірді.
Айта кетейік, қайырымдылық шыршасы «ОСК Стройсервис» ЖШС бас директоры, елордалық «Юнчи» дүнген этномәдени орталығы Төрағасының орынбасары Даут Генхузовтың демеушілігі арқасында өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?