30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Елорданың 24 жылдығына орай, астанада бірқатар мерекелік шара өтеді, – деп хабарлайды El.kz порталы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
«Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде «Елорда пейзаждары» атты арт-көрме жұмыс істейді.
Біріккен музейлер дирекциясы «Ел тірегі – Елорда» көрмесін өткізеді. «Астана Опера» опера және балет театры «Шопениана» мен «Шехрезада» балеттерін ұсынады.
«Колизей» спорт кеңістігіндегі «Отан Ана» монументінің жанында стритболдан «Nur Sultan Cup» турнирі ұйымдастырылады. «Астана Балет» театры «Орфей және Эвридика» балетінің премьерасына шақырады. Триатлон паркінде «Elorda Tolqyny» спорттық жарысы болады.
«Қазанат» ипподромында шабандоздар «Елорда кубогы» үшін бәйге түрлерінен бақ сынайды.
Кешке, сағат 18:00-22:00 аралығында «Астана-Арена» стадионының тұрағында дәстүрлі Open air «Халықпен бірге» өтеді. «Қазақстан» ОКЗ «Дос-Мұқасан» ансамблінің шығармашылығына арналған «Далам менің» концертін ұйымдастырылады.
Ал, сағат 21:00-де Амфитеатр сахнасында Ұлықпан Жолдасов «Ақ қанат – ақ құсым» бағдарламасымен өнер көрсетеді.
Айта кетейік, Астана күніне арналған іс-шаралар маусым айында басталды. Мәселен, Ермұрат Үсеновтің 70 жылдығына арналған «Өмір дастан» концерті, ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан «Елорда кубогы» халықаралық турнирі, көрмелер ұйымдастырылды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды