Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада вандализм әрекеттері мен қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарға қарсы жүйелі күрес жүргізілуде. Кезекті тәртіп бұзушыларды полицейлер анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Байқоңыр ауданындағы Уәлиханов көшесінде белгісіз адамдар аялдама павильонының терезесін сындырған. Тексеру барысында 37 жастағы ер адам анықталды. Оның мас күйінде қала мүлкін әдейі бүлдіргені белгілі болды. Сот шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды.
Жыл басынан бері 160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 93-і қамауға алынып, 67 адамға жалпы сомасы 10 466 780 теңге айыппұл салынған.
Айта кетейік, қала мүлкін бүлдіргені үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылған. Аялдамаларды, орындықтарды, шағын сәулет нысандарын және басқа да инфрақұрылым нысандарын зақымдау қалаға шығын келтіріп қана қоймай, тұрғындардың жайлы өміріне кедергі жасайды.
Өткен жылдан бері Астанада «Стоп, вандал» акциясы аясында профилактикалық жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл бастаманы еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар және қала тұрғындары қолдады. Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру 60 АЕК-ке дейінгі айыппұлмен немесе 30 тәулікке дейінгі қамаумен жазаланады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады