Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған «Қайырымдылық істер марафоны» ауқымды акциясы жалғасуда. Елорда тұрғындарын игі іске қосылуға шақырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің ресми сайты.
«Қайырымдылық істер марафонының» басты мақсаты – еріктілер мен қаланың барлық тұрғындарына халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттарына, қарттарға, мұқтаж жандарға, зейнеткерлерге барынша көмек көрсетуге мүмкіндік беру.
Акцияға қатысушылар зейнеткерлер мен жалғызбасты қарттардың аулаларындағы қарды тазалайды, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыларға азық-түлік себеттерін тасымалдайды, қарттарға ағаш кесуге көмектеседі және коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай ұсынады.
Кез келген адам еріктілер қатарына қосыла алады. Ол үшін «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының Instagram аккаунтына хабарлама жазу қажет.
Қайырымды істер марафоны» акциясы аясында сіздер біздің қатарымызды толықтырып, ерікті бола аласыздар. Қазақстанның болашағы жастардың қолында екенін есте сақтаңыз, - дейді астаналық жастар.
Естеріңізге сала кетсек, «Қайырымдылық істер марафоны» басталғаннан бері елордалық еріктілер жеке секторларда жалғыз тұратын 35-тен аса зейнеткердің үйінің маңайын қардан тазартты. 50-ге жуық іс-шара өткізілді. Мысалы: жалғызбасты зейнеткерлерге бару, коммуналдық қызмет мамандарына ыстық шай мен бауырсақ тарату, қар тазалау, жануарларға арналған орындарға бару, жалғызбасты зейнеткерлердің үйін жинауға көмектесу, азық-түлік себеттерін тасымалдау және т. б.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?