Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлорда тұрғындары алаяқтың арбауына түсіп қалды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқ Instagram желісінде аккаунт ашып, жаңа жыл қарсаңында тауарларды сату туралы жалған хабарландырулар жариялау арқылы азаматтарды алдаған. Ассортиментке шыршалар, ойыншықтар, сондай-ақ приставкалар кірген.
Алаяқ парақшасына интернеттен жүктелген жарқын фотосуреттерді қойған. Қаланың алты тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп қалған. Ақмола облысының 24 жастағы тумасы келіссөздер барысында аударым арқылы алдын ала төлем сұраған, содан кейін ол “алданған клиенттердің” телефон нөмірлерін бұғаттап, өзі хабарсыз кеткен. Алматы ауданы ПБ жедел уәкілдері қаскүнемді анықтай алды. Ол қазір үй қамаққа алынды.
Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Келтірілген залал сомасы анықталады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жас жігіттің елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығын тексеріп жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?