19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Әлемге әйгілі Bulgari зергерлік брендінің дамуына зор үлес қосқан италиялық кәсіпкер Паоло Булгари 89 жасында Римде дүниеден өтті. Бұл туралы Il Sole 24 Ore басылымы хабарлады.
Қаралы хабарды марқұмның отбасы растады. Жақындары Паоло Булгариді «заманымыздың ең ұлы зергері» деп еске алды. Ал Bulgari компаниясы әлеуметтік желідегі жазбасында оны шығармашылыққа жаны жақын, ерекше тұлға ретінде сипаттап, еңбегі келер ұрпаққа үлгі болып қала беретінін атап өтті.
Зергерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бүгін, 23 қарашада Римдегі Санта-Кроче-ин-Джерузалемме базиликасында өтеді.
Отбасылық кәсіпті әлемдік брендке айналдырды
Паоло Булгари 1937 жылы 8 қазанда дүниеге келген. Ол – 1884 жылы Римде зергерлік шеберхана ашқан грек шебері Сотирио Булгаридің немересі.
Атасы негізін қалаған кәсіпті кейін әкесі Джорджо мен оның ағасы Костантино жалғастырды. Ал Паоло жас кезінен отбасылық бизнеске араласып, асыл тастарды таңдаудың қыр-сырын меңгерді.
1984 жылы Паоло Булгари компанияның төрағасы атанды. Оның басшылығы тұсында бренд халықаралық нарықтағы орнын нығайтып, қызмет аясын кеңейтті. Бұрын негізінен қымбат зергерлік әшекейлерімен танылған компания кейін сағат, сөмке, былғары бұйымдар мен парфюмерия шығара бастады.
Bulgari брендінің Нью-Йорк, Париж, Женева және Монте-Карло қалаларында дүкендері ашылып, өнімдері әлемнің түкпір-түкпіріне тарады.
Компания әшекейлерінің басты ерекшелігі – түрлі түсті асыл тастарды, сары алтынды және көне Рим мен Грекия өнерінің элементтерін үйлестіру. Бренд бұйымдарын Голливуд жұлдыздары, соның ішінде Элизабет Тейлор мен Уэльс ханшайымы Диана таққан.
Қайырымдылықпен де айналысты
Паоло Булгари өмірінің соңғы жылдарында қоғамдық және білім беру бастамаларына көңіл бөлді. 2019 жылы Римнің шеткері аудандарындағы жастардың білім алуына және кәсіби мамандық меңгеруіне көмектесетін қор құрды.
Ол отбасылық кәсіпті дамытып қана қоймай, италиялық зергерлік өнердің әлемге танылуына елеулі үлес қосты.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары