6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерСу ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, 18 сәуір күнгі жағдай мынадай:
Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 9,84 текше метр, Сілеті су қоймасынан 31,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 1,5 текше метр су жіберілуде.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 1016 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 1030 текше метр су жіберілуде.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 3500 текше метр су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр, Шерубай-Нұра су қоймасынан 44,1 текше метр су жіберілуде.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 15 текше метр су жіберілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 2018,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 1763,8 текше метр су жіберілуде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі