Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазгидромет еліміздің Абай облысы мен Шығыс Қазақстан аумағында қатты аяз болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Болжам бойынша бүгін түнде - 45°C, ертең күндіз - 40°C аяз күтіліп отыр. Сондай-ақ, Көкпекті ауданында ТЖ режимі тоқтаған жоқ.
Аудандық метеостанцияның мәліметі бойынша қар жамылғысының биіктігі 95 см. құрап отыр. Таулы жерлерде қар жамылғысының биіктігі 1,5 м және кейбір елді-мекендерде (Биғаш ауылына апарар жол "Қаракезең" аумағында 3-4 м дейін) шамасында.
Бүгінде республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» автомобиль жолы, облыстық маңызы бар «Көкпекті-Васильев өткелі» және аудандық маңызы бар «Үлкенбөкен-Көкжайық-Үлгілімалшы», «Преображенка-Теректі -Шұғылбай» және «Көкпекті-Биғаш», «Көкпекті-Ақтас-Толағай» ауылдары арасындағы жолдары толықтай қардан тазартылды. Қазіргі таңда, Көкпекті-Ұзынбұлақ, Ажа ауылына кіре беріс және Биғаш -Егінбұлақ аудандық маңызы бар автомобиль жолдары қардан ашылып жатыр.
Аталған жол учаскелерінде 14 техника және 22 адам жұмыс істеуде. Ауданда жолда қалған жолаушыларды орналастыру үшін эвакуациялық пункттер толықтай дайын екені белгілі болды.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?