Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіПрокуратура 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде қылмыс ең көп тіркелген өңірлерді атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, жалпы қылмыс 5,3%-ға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеген.
Дегенмен қылмыс деңгейі өскен өңірлер де бар: бұл ретте өсу Маңғыстау облысында 12,2%-ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалады.
Ең көп қылмыс Алматы – 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% - ұрлық (30 593), 6,3% - есірткі қылмысы (8 363), 1,2% - тонау (1 551), 1,2% - бұзақылық (1 615), 0,8 % - мал ұрлығы (1 051), 0,4 % - адам өлтіру (566), 0,3% - зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар 32,7% (43 462), - делінген мәліметте.
Онша ауыр емес қылмыстар - 7,6%-ға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар - 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр қылмыс 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады.
Сонымен қатар ұрлық - 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы - 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы - 33,5%-ға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы - 42,2%-ға (258-ден 149) айтарлықтай төмендеді. Сондай-ақ мал ұрлығы да 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайды, - деп қосты прокуратура.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады