Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕліміздің әр өңірінде психологиялық қолдау орталықтары ашылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта мұндай орталықтар 15 өңірде ашылып, жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина мәлімдеді.
Оқу-ағарту министрлігі психологиялық қолдау орталықтарын дамыту арқылы педагог-психологтардың әлеуетін арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Орталықтардың қызметін біріздендіру үшін министрлік әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Бұл ұсыныстар балаларға жайлы жағдайда бірыңғай модель бойынша орталықтар ашуға көмектеседі. Олар орталықтардың міндеттері, негізгі қызмет бағыттары, ұсынылатын штат кестесі, әр маманның лауазымдық нұсқаулықтары туралы ақпаратты қамтиды. Әйелдер мен балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңда орталықтарды материалдық-техникалық жабдықтау бойынша тұтас бір тара көзделген, - деп атап өтті Юлия Овечкина.
Мұндай орталықтардың басты мақсаты – балаларға ғана емес, олардың ата-аналары үшін де қолдау көрсету, сондай-ақ педагогтер үшін бірлесіп кеңесетін, өзара тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік ұсынымдар алатын орынға айналу. Жыл соңына дейін қалған облыстарда да орталықта ашылады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, орталықтарды ашу бойынша іс-шара Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда көзделген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?