Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті адамға бағытталған тәсілді енгізу және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында барлық кеден бекеттері мен кедендік ресімдеу орталықтарында (КРО) «қызыл түйме» орнатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
МКК мәліметінше, QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туындаған мәселе бойынша МКК төрағасына тікелей жүгінуге мүмкіндік алады. Ал бұл құрал кеден қызметтерін алу кезінде туындайтын қиындықтарға жедел әрекет етуге және қызметкерлер тарапынан әдепсіз мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған.
Өтінімді беру формасы қарапайым әрі түсінікті, оны бірнеше минут ішінде толтыруға болады. Қалауыңыз бойынша өтінімді анонимді түрде жолдауға мүмкіндік бар. Біз азаматтармен және бизнес-қоғамдастықпен ашық әрі әділ диалог орнатуға ұмтыламыз. Әрбір келіп түскен өтінім қысқа мерзімде қаралып, тиісті шаралар қабылданады, - делінген мәліметте.
Комитет кедергілерге немесе сапасыз қызмет көрсетуге тап болған әрбір адамды осы мүмкіндікті пайдалануға шақырады.
Сіздің дауысыңыз — тиімді, ашық әрі клиентке бағытталған кедендік әкімшілендіру жүйесін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күші ғана сервистің сапасы мен сенім деңгейін арттыра алады, - деп қосты комитет.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?