22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБоксшы Садридин Ахмедов әлеуметтік желіде Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігіне қатысып жатқан боксшыларды сұхбат бермеуге шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлем чемпионатына қатысып жатқан батырларға, жалпы жарыс жолына шықпаған боксшыларға айтарым, сұхбатты тек жекпе-жектен кейін беріңдер. Біздің елде сыншы, білгіш көп. Еңбектеріңді көрмей, сәл шалынсаңдар, жерден алып жерге тығады. Мұның бәрі 100 пайыз әсер етеді, - дейді Садриддин Ахмедов.
Ол осы ретте журналистерді сынаған.
Біздің журналист білгіштеріміз сүрінгендерді хайп жинап қалу үшін салады. Өз еліміздің иттері қастарыңда жүргенін біліңдер, - дейді боксшы.
Осыған байланысты бірнеше журналист пікір білдіріп үлгерді. Мысалы, спорт тілшісі Аслан Қаженов Садриддиннің соңғы кездері «қуып» жүргенін айтқан.
Садриддин, мен сенің залыңа барып, жаттығуыңа араласып, «былай істе, былай істеме» деп айтпаймын. Сенің де біздің жұмысымызда шаруаң болмасын. Сонда бәрі мақтау есту үшін ғана шаршы алаңға шыға ма? Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады. Сынағанның бәрі жау емес. Жалпы, жігіттердің қай-қайсысын да боксқа ешкім зорлап апарған жоқ, - деді Аслан Қаженов.
Сонда жаттығуда не істегенін білмейміз, жарыста не істегенін білмейміз, әркім өз бетімен жүре берсін дейсің ғой. Ендеше маң далаға боксшылардың қаласын сал да, сол жаққа көшіріп әкет бәрін. Өз-өздеріңмен өмір сүріңдер. Бізді итке теңегенің, тіптен, қате болды. Бұл - баспен қадалған жерің, - деді журналист.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев