30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыQazAvtoJol ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар жол жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 683-967 шақырым аралығында (Таскескен ауылының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2024 жылғы 11 қараша сағат 06:00–де ашу жоспарланған.
2024 жылғы 10 қарашада сағат 17:00–де ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
— «Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1123-1191 шақырымы аралығы (Предгорное ауылынан Шемонаиха қаласына дейін);
— «Алматы-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1194-1212 шақырымы аралығы (Шемонаиха қаласынан РФ шекарасына дейін);
— «Өскемен-Риддер- РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін).
Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Омбы-Майқапшағай» автожолының 910-1002 шақырым аралығында (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін) жүк және жолаушы көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2024 жылғы 11 қараша сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды