Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек«Қазгидромет» РМК 10 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында найзағай күтіледі, облыстың солтүстігінде бұршақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады.
Қызылорда облысында өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысының орталығында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес