Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерСиноптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның 11 облысында желдің екпіні күшейіп, көктайғақ пен боран болады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2 қарашада түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Таразда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20, күндіз 25 м/с болады.
Қызылордада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
2 қарашаға қараған түні Қарағанды облысының шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел орталықта оңтүстіктен, облыстың шығысында екпіні 15-20, кейде 25 м/с дейін барады.
Қарағандыда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ, аздаған бұрқасын болады. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Оралда түнде және таңертең көктайғақ болып, баяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тауларда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікте, батыста солтүстік-батысқа ауысады, таулы және тау етегіндегі аудандарда - 15-20, таулы асуларда екпіні - 23-28 м/с.
Шымкентте 2 қарашада таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Бүгiн, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?