20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБелгілі мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Биыл 70 жасқа толған Бердібек Мәшбекұлы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап ауылында дүниеге келген. Ол тәуелсіз Қазақтан тарихиындағы бес облысты басқарған әзірге жалғыз әкім.
Б.Сапарбаев 1977 жылы Алматыдағы халық шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін Қаржы министрлігінде еңбек етті. 1990 жылы Білім министрі орынбасарын қызметін атқарып, кейін министрлер кабинетінің аппарат басшысы лауазымына дейінгі жолдан өтті. 1995-2002 жылдары аралығында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімі қызметі атқарды.
2002 жылы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі, 2007 жылдан ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.
2009 жылдан ШҚО әкімі, 2014 жылы Үкімет басшысының орынбасары, 2015 жылы Ақтөбе облысының әкімі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Үкімет басшысының орынбасары, Жамбыл облысының әкімі қызметтерінде тағайындалып, 2022 жылдың сәуір айында зейнет демалысына шыққан болатын.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?