Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБатыс Қазақстанда дүкен сөрелерінен тұз жоғалып кетті. Бұл туралы «Мой город» порталына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Орал қаласындағы дүкендерде, супермаркеттерде және базарларда соңғы күндері ас тұзы тапшы. Әлеуметтік желі қолданушылары бірнеше сауда нүктесін аралауға мәжбүр болып жүргендерін, бірақ еш жерден тауар таба алмай жатқанын жазуда.
Үйдің жанындағы үш дүкенді араладым – еш жерде тұз жоқ. Сатушылардың айтуынша, соңғы күндері бәрін сатып алып кеткен. 2020 жылғы жағдай қайталанып жатқандай әсер қалдырады, – дейді оралдық тұрғын.
Тұздың жоқтығын базар саудагерлері де растайды. Айтуларынша, тауар ірі супермаркеттерден де, шағын дүкендерден де жоғалып кеткен. Саудагерлер нақты себепті айта алмайды, дегенмен кейбірі тұрғындардың соғым маусымына немесе қырыққабат тұздау кезеңіне жаппай дайындалып жатқаны мүмкін екенін болжайды.
Сатушылардың түсіндіруінше, Батыс Қазақстан облысына тұз жеткізу шамамен бір ай бұрын тоқтаған. Негізгі себеп – қазақстандық теміржол вагондарының жетіспеушілігі. Қазан айының соңынан бастап енгізілген жаңа талаптар тек отандық жылжымалы құрамды қолдануды міндеттейді. Соның салдарынан логистикасы тиімді әрі арзанырақ болған Ресейден жеткізілетін тұз өңірге түспей қалған. Ал отандық өндірушілер өнімдері сұраныстың тек бір бөлігін ғана өтеп отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді