Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2023 жылғы 16-21 желтоқсан аралығында елдің батыс бөлігінен келе жатқан циклоннан ауа-райының күрт нашарлауы күтілетінін алдын ала мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен, алдағы бірнеше күнде бірқатар аймақтарда ауа-райының қолайсыздығы болжанып отыр. Оның ішінде қатты жауын-шашын, температураның төмендеуі, көктайғақ, екпінді жел, шектеулі көріну болжанған.
16-17 желтоқсан аралығында циклон Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының аумағынан өтіп, қалың қар жауып, екпінді жел, боран күтілуде.
18 желтоқсаннан бастап циклон елдің солтүстік, орталық және шығыс бөліктеріне ауысып, ауа райының нашарлауына әкеледі. Осыған байланысты, "ҚазАвтоЖол" бөлімшелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылатын болады. Кезекшілікке 500-ге жуық арнайы техника мен 700 жолшылар жұмылдырылмақ.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер