Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҮкімет ең ірі 6 әуежайдың аумағында АЭА ашу туралы шешім қабылдады. Инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде авиация саласын дамыту, сондай-ақ Қазақстан аумағында халықаралық әуе хабтарын құру бойынша жұмыс жүргізуде.
Біз еліміздің ең ірі 6 әуежайы аумағында арнайы экономикалық аймақ ашу туралы шешім қабылдап отырмыз, — деп атап өтті премьер-министр Олжас Бектенов.
Олар халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Сондықтан инфрақұрылымды дамытуға және жүк тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасауға баса назар аударылады.
Әуе хабтарын дамыту мақсатында, Көлік министрлігінің мәліметінше, АЭА ашудан басқа да бірқатар шара қарастырылған. Бұл – кедендік оңайлатулар, жүк тасымалдаушысын құру, жанармаймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жаңғырту.
Алты әуе хабын жаңғыртуға $2,1 млрд қаражат тарту жоспарланып отыр.
Премьер-министр мультимодальды тасымалдауды жақсартудың және жерүсті инфрақұрылымын жаңартудың, соның ішінде әуе хабтарын автомобиль және теміржолдарға қосудың маңыздылығына тоқталды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді