Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық танымал журналист, қаламгер, қоғам қайраткері Мейрамбек Төлепберген 68 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Журналистика саласында өз қолтаңбасын әуелі спорт тақырыбында қалдырып танылған ол Орталық Азия және Қазақстан спорт журналистерінің халықаралық байқауында (1989) бас жүлдеге ие болды. Төлепберген республикалық «Халық кеңесі» газетінде Парламент жұмысының қыр-сырына үңіліп, саяси тақырыптарға жазылған сараптама мақалаларымен көзге түсті. Шығармашылық қарым-қабілеті оны еліміздің таңдаулы журналистер шоғырына қосты.
1996 жылдан бастап «Егемен Қазақстан» газетінде саяси-әлеуметтік мәселелерге қатысты ой-толғамдарымен және публицистик мақалаларымен кеңінен танылды.
Жалпы, Мейрамбек Мылтықбайұлы Төлепберген көп жыл баспасөз бен телевизия саласында, мемлекеттік қызметте және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде қызмет атқарды.
2012-2017 жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты аймақтық «JAMBYL» телеарнасын басқарды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?