22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕліміздің 1000 мектебі мен колледжі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының PISA-based Test for Schools - «Мектептерге арналған PISA» халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысты. Бұл зерттеу 15 жас аралығындағы оқушылардың білімі мен машықтарын үш бағыт бойынша бағалайды: оқу, математика, жаратылыстану, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар зерттеу оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
«Мектептерге арналған PISA-ның» елдерге арналған дәстүрлі PISA-дан айырмашылығы – оның жеке мектеп деңгейінде сыртқы бағалауды жүргізуі. Зерттеу нәтижелері бойынша білім беру ұйымдары еліміздің басқа мектептері мен колледждерімен салыстырғанда оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейі және PISA негізгі зерттеуіне қатысушы елдердің орташа ұпайы туралы талдамалық есеп алады. Зерттеу әрбір мектептің немесе колледждің мықты және әлсіз тұстарын анықтауға, алынған мәліметтер негізінде білім сапасын арттыру шараларын қабылдауға мүмкіндік береді», - деп айтты Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.
«Мектептерге арналған PISA» зерттеуіне еліміздің барлық аймағынан 33 мыңнан астам қазақстандық білім алушы қатысқанын айта кетейік. Зерттеу нәтижесі келесі жылдың 2 тоқсанында белгілі болады.
2021 жылы «Мектептерге арналған PISA» зерттеуі Қазақстанда валидация кезеңінен сәтті өтті. Ол кезде апробацияға еліміздің 200 мектебі қатысты. Апробациялық зерттеу нәтижелері бойынша жеке және топтық есептер жасалып, зерттеуге қатысқан барлық мектепке ұсынылды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев