13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызБиыл маусымда Қазақстанда зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы 1,8%, ал бір жылда 35,3% қымбаттады, деп хабарлайды El.kz
Оның ішінде алтын неке сақиналары жылына 38,9%, қол сағаттары 15,2% қымбаттады. Өңірлік бөліністе зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы Солтүстік Қазақстан облысында айтарлықтай өскен - бір жылда 61%.
Қымбат бағалар «үштігінде» Алматы облысы (жылына 60,6%) және Нұр-Сұлтан (жылына 52,5%) қаласы бар. Биылғы қаңтар – мамыр айларында зергерлік бұйымдар өндірісі 478,4 млн теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 451,3 млн теңге болған еді. Өңірлік бөліністе өндірістің ең үлкен көлемі Алматыда (43,3% немесе 207,3 млн теңге) шоғырланған. Алғашқы үштік қатарында Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы бар.
Жалпы 2021 жылы сектордағы өндіріс 1,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2020 жылға қарағанда екі есе көп.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды