29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБүгінгі таңда жыл басынан бері 2000-ға жуық қоқыс орыны Ғарыш Сапары космомониторингі арқылы анықталды.
Бұл түйткілмен күресу үшін ІІМ және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша үшжақты іс-шаралар жоспары жұмыс істейді.
Қабылданып жатқан жоспарлы іс-қимылдар шеңберінде Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қалдықтарды заңсыз орналастыру орындарын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өтті.
Мәселен, мамыр айында республика бойынша барлығы 31 рейд өткізілді. Іс-шаралар Атырау, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ұйымдастырылды.
Нәтижесінде 150-ге жуық рұқсат етілмеген қоқыс орыны анықталды.
Қабылданған шаралармен 14 факт бойынша (бұл шамамен 88 қалдық нысаны) тиісті тұлғалар ӘҚБтК-нің 344-бабы бойынша 153 мың теңге мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
20-дан астам қалдықтар сол жерде жойылды. Қоқыс тастайтын жерлерді анықтау шаралары жалғасатын болады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек