29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанда зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 29 360 теңге, ал ең жоғары төлем 707 мың теңгеден асты, деп хабарлайды El.kz БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері салымшыларға 947,5 млрд теңге төленді. Оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсатына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері құрады.«Кіріс ағындары, атап айтқанда, жарналар биыл көбейді. 2022 жылдың бес айында салымшылардың шоттарына шамамен 661,9 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29% немесе 147,2 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек. Жарналардың жалпы көлемінің 95,1% МЗЖ бойынша түсімдер құрайды», - деп мәлімдеді БЖЗҚ баспасөз қызметі.
«БЖЗҚ-дан кесте бойынша зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 29 360 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңге болды», - делінген хабарламада.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек