13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕлімізде ұлттық геологиялық қызмет мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжілісте өткен геология саласын дамыту тақырыбына арналған дөңгелек үстел барысында мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
– Қазір Цифрлық даму, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп жер қойнауын пайдалану саласы бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе «Kaznedra» платформасын құру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бірыңғай платформа барлық процесті бір терезе арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетеді. Бүгінде аталған жобаны іске асыру бойынша жол картасы Үкімет қарауына енгізілді. Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасы бойынша «Қазгеоақпарат» және «Қазгеология» базасында ұлттық геологиялық қызмет құрылды, – деді Серікқали Брекешев Мәжіліс қабырғасында баяндама жасай отырып.
Министрдің айтуынша, ұлттық геологиялық қызмет 15 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті.
– Жалпы геология саласын мемлекеттік тұрғыдан реттеуде жетекші елдерде (Австралия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Корея және тағы басқа) ұлттық геологиялық қызмет табысты жұмыс атқарып келеді. Аталған қызметі салаға қатысты барлық ақпараттың ашық әрі қолжетімді болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұлттық қызметті енгізу аясында минералдық ресурстардың ұлттық деректер базасын пайдалану, геология саласына қатысты ақпаратты жүйелеп, талдау арқылы инвесторларға кешенді сервистік қолдау көрсетпекпіз, – дейді ол.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды