Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБиылғы 7 айдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер жасаған қылмыс саны 11 пайызға өскен. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лейла Әліпбаева мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жасөспірімдер ұрлық, бұзақылық жасап, тонаумен жиі айналысады. Мұндай қылмыстың жасалуының негізгі себебі - ата-аналардың балаларының мінез-құлқын тиісті бақылауына алмауында. Көбіне түнгі уақытта балалар ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайлардан тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін ұсталады. Бұл үшін жыл басынан бері 64 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған, - дейді Лейла Аманбайқызы.
Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторының айтуынша, ойын-сауық мекемелерінің 1,5 мың иесі кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта мекемелерде болуына жол бергені үшін жазаланған.
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 2500 қараусыз қалған бала жеткізілді. Балаларды тәрбилеу бойынша өз міндетін орындамағаны үшін 6 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылды, - деді Лейла Әліпбаева.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді