Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕліміздің түкпір-түкпірінен келген 545 студент "WorldSkills Kazakhstan - 2023" республикалық чемпионатына қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін елордада жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оған Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаева қатысты.
"WorldSkills - техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды әлемдік қозғалыстардың бірі. Біздің студенттер әлемдік аренада жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы Польшадағы жарыстарда екі медаль мен төрт "үздік медальон" жеңіп алып, үздік нәтиже көрсетті. Бұл Мемлекет басшысының қолдауының арқасында қол жеткізген елеулі прогресс. Колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысы 133 мың орынға дейін ұлғайтылды. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50% - ға, 2024 жылы 100% - ға дейін ұлғайтылды", - деп атап өтті Наталья Жұмаділдаева.
Чемпионаттың мақсаты - жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру, үздік тәжірибелер мен кәсіби стандарттарды енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сараптамалық қоғамдастықты дамыту.
Конкурс үш күн бойы өтеді. 23-25 қараша аралығында колледж студенттері 30 құзыреттілік бойынша өздерінің шеберліктерін сынайды.
Республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар 2024 жылы 10-15 қыркүйек аралығында Францияның Лион қаласында өтетін WorldSkills халықаралық чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді