Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда вирустық гепатиттермен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С гепатиттерін анықтауға толық скрининг жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ДСМ мәліметінше, В және С вирустық гепатиттерімен инфекцияны ерте анықтау жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыру қорытындылары, сондай-ақ елдегі сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ауруларды талдау орталығы (CDAF) қорының директоры доктор Хоми Разавимен кездесуі барысында талқыланды.
ДДҰ-ның 2030 жылға дейінгі вирустық гепатиттерді жою бағдарламасының негізгі және маңызды мақсаттарының бірі оларды уақтылы диагностикалау болып табылады.
В және С вирустық гепатиттері негізінен жасырын (асимптоматикалық) болғандықтан, 65% жағдайда олар цирроздың немесе бауыр обырының дамуымен аяқталады, бұл өз кезегінде жұқтырған халықтың өліміне және мүгедектігіне әкеледі. Сондықтан инфекция тасымалдаушыларын ерте сатысында анықтауды және емдеуді қамтамасыз ету маңызды, өйткені олар айналасындағылар үшін вирустық гепатит көзі болып табылады, - делінген мәліметте.
Пилоттық бағдарламаның нәтижелері бойынша Қазақстанда тиімді диагностикалық шешімдердің көмегімен 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С вирустық гепатиттерін анықтауға арналған жалпы скринингті бастау туралы шешім қабылданды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді