23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТәуелсіздік жылдарында Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың саны 100-ден 23 мыңға дейін артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Еліміздегі азаматтық сектордың белсенді дамуы ҮЕҰ жетекшілері мен сарапшыларының жүйелі жұмыс істеуіне жасалған мүмкіндіктермен тікелей байланысты. Бұл тұста 2020 жылы 27 тамызда Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын» бекітуі айрықша маңызға ие. Азаматтық сектордың даму векторын айқындаған стратегиялық құжаттың арқасында еліміздегі түрлі салаларда ҮЕҰ белсенді құрылуда. Үкіметтік емес ұйымдардың негізгі мақсаты – әлеуметтік маңызды мақсат-міндеттерге қол жеткізу болып отыр.
Тұрақты түрде жұмыс жасап тұрған ҮЕҰ-ның ең көп саны Алматы– 5017, Астана – 3554, Шымкент – 1512 қалаларында, Қарағанды – 1237, Қызылорда – 1217 облыстарында тіркелген. ҮЕҰ қызметінің ашықтығы мен жобалары туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 2017 жылы Министрлік «ҮЕҰ дерекқорын» енгізді. Бұл ретте ҮЕҰ санының артуымен қатар сапа көрсеткіші де маңызды. 2023 жылдың өзінде ҮЕҰ саны өткен жылдармен салыстырғанда 8,6%-ға өскені айтылды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады