Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.
Жобаның басты мақсаты – футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау.
Биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары және Жетісу облысындағы стадиондарының алаңдары жаңартылады.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев және «SD Family» клубының басшысы Дидар Сыдықбек жобаның бренд-амбассадорлары болады.
2023 жылы реновация бағдарламасына кіретін футбол алаңдары:
1. ЦСКА стадионы, Алматы қаласы
2. Б.Оңғаров атындағы стадион, Жетісу облысы, Балпық би ауылы
3. «Цементник», Шымкент қаласы
4. №2 БЖСМ, Ақтөбе қаласы
5. «Каспий» СК, Ақтау қаласы
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді