Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлімізде тарихи-мәдени нысандарды тазалауға және абаттандыруға бағытталған «Киелі мекен» апталығы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеті күн ішінде 717 тарихи-мәдени ескерткішке тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, «Отырар» мұражайы, «Бұланты шайқасы» тарихи-мәдени орны, «Тамғалы тас» археологиялық кешені және т. б. нысандарға тазалық жүргізілді.
Жамбыл облысының тарихи-мәдени нысандарын тазалау кезінде еріктілер қола дәуірінің петроглифтерін тапты. Сондай-ақ Астана қаласында жас жұбайлар алаңы ашылды. Ал Алматы облысында Орталық саябақта бір рет қолданылатын ыдыстардан фотоаймақ, пластикалық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату үшін балық инсталляциясы құрылды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 8-20 сәуір аралығында өңірлерде 770 мың адамды қамтитын 3,7 мыңнан астам іс-шара өтті.
22-27 сәуір аралығында аумақтарды көгалдандыруға, гүлдер, көшеттер отырғызуға, ағаштарды ақтауға бағытталған «Жасыл аймақ» апталығы өтеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?