Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2025 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрі жеке тұлғалардың табысы мен мүлкі туралы декларация нысандарына және оны толтыру ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа талаптарға сәйкес, декларация жыл сайын есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанына қарай тапсырылады. Бұл норма жеке тұлғада активтер мен міндеттемелер туралы есеп беру міндеттемесі пайда болған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.
Сонымен бірге, 270.00 нысаны бойынша табыс пен мүлік туралы декларация тапсыруға тиіс тұлғалардың тізімі нақтыланды.
Оған төмендегілер кіреді:
Бұл санатқа, атап айтқанда, жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлес, бағалы қағаздар, инвестициялық алтын және тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері кіреді.
Сонымен қатар, салық агентіне шегерімдердің алдын ала сомасын қолдану туралы өтініш берген азаматтар да декларация тапсыруы тиіс.
Мамандардың айтуынша, енгізілген өзгерістер жеке тұлғалардың қаржылық ашықтығын арттыруға және көлеңкелі табыстардың алдын алуға бағытталған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?