Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТЖМ су тасқынын жою бойынша іс-қимылдар алгоритмін пысықтады, деп хабарлайды El.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті төрағасының міндетін атқарушы Әсет Жылқайдаров «бүгінгі таңда ел бойынша су тасқыны қаупі бар елді мекендер саны 1223 құрайды» деп отыр.
Оларды қорғау үшін 576 шақырым қорғаныш бөгендері мен біліктері тұрғызылды. 822 шақырым дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделіп, салынды. Автомобиль мен темір жол қатынастарында 960 су өткізу құрылысы орнатылып, ауыстырылды. 74 өзеннің қауіпті учаскелерінде 500 шақырымға жуық түбін тереңдету, жағалауды нығайту және арналарды тазарту жұмыстары жүргізілді, - деп түсіндірді ТЖМ өкілі.
Оның айтуынша, зардап шеккендерді қабылдаудың 3,5 мыңнан астам пункті дайын. Броньнан шығарылған жағдайда, тіршілікті қамтамасыз ету құралдары мен мемлекеттік материалдық резерв техникасы айқындалады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді