Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарындағы 145 жеке тұрғын үйден, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарындағы 46 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының су басқан елді мекендерінен 412 адам эвакуацияланды, оның ішінде 134 бала. Оның 323-і Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендерінің тұрғындары уақытша орналастыру пункттерінде қалады, 80-і Ақтөбе және Қостанай облыстарының тұрғындары туыстарында, 9-ы Түркістан облысының тұрғындары үйлеріне оралды.
ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 122 мыңнан астам текше метр еріген су сорылды, 24 мыңнан астам қап және 47 670 тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, тартылған ұйымдардың күштері мен құралдары: жеке құрамынан 3000-нан астам адам, 1200-ге жуық бірлік техника, 400-ге жуық бірлік су айдау және жүзу құралы, 2 әуе кемесі жұмылдырылды, - делінген мәліметте.
Республикалық және облыстық жедел штабтар, сондай-ақ «Жедел желі» телефондары жұмысын жалғастыруда: ТЖМ 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы ТЖД 8 711 2 55 40 88, Қостанай облысы ТЖД 8 714 2 50 19 60, Ақмола облысы ТЖД 8 716 2 52 55 14. Өткен тәулікте 134 қоңырау түсті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?