Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЕліміздің алты облысында су тасқынына қарсы күрес жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендеріндегі су басқан 313 жеке тұрғын үйден еріген суды, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Абай облыстарындағы 369 аула аумағын, сондай-ақ 10 саяжайда суды сорғызу жұмыстары жалғасуда.
Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының су басқан елді мекендерінен 2054 адам эвакуацияланды, оның ішінде 613 бала. Оның 960-ы Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендерінің тұрғындары уақытша орналастыру пункттерінде қалады. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 321 адам эвакуацияланды, оның 97 балалар, - делінген мәліметте.
Өзекті деректер бойынша ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 1,7 млн текше метрден астам еріген су сорылды, 82 мыңнан астам қапшық және 20 183 тонна инертті материал төселді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, Қорғанысмині және жеке құрамның 6200-ден астам адамы, 1600-ге жуық техника, 630-ға жуық су айдау және жүзу құралдары, ТЖМ, Қорғанысмині, ҰҚК алты әуе кемесі жұмылдырылды, - делінген ведомство таратқан мәліметте.
Республикалық және облыстық жедел штабтар, сондай-ақ "жедел желі" телефондары жұмысын жалғастыруда:
ТЖМ 8 717 2 70 41 14;
Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57;
Батыс Қазақстан облысы ТЖД 8 711 2 55 40 88;
Қостанай облысы ТЖД 8 714 2 50 19 60;
Ақмола облысы ТЖД 8 716 2 52 55 14.
Ведомствоның мәліметінше, барлығы 264 қоңырау түскен.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді