Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТуризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство дерегінше, аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқаратын болады.
Негізгі міндеттерге мыналар жатады:
Пилоттық режимде спортшы, жаттықтырушы және төрешілердің электрондық паспорттарының, іс-шаралар күнтізбесінің, сондай-ақ спорт ғимараттары тізілімдерінің модульдері іске қосылды.
Қазіргі уақытта спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйені деректермен толықтыру және оның функционалын тестілеу жүргізілуде. Бүгінде платформада 83 федерация мен 50 ұйым жұмыс істеуде, - делінген мәліметте.
Министрлік спорттық атақтар беру тәртібі өзгеріссіз қалатынын және ол 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрықпен бекітілген ережелермен реттелетінін еске салды.
Аталған құжат атақтың жарамдылығын растайды әрі куәлік жоғалған жағдайда оны қалпына келтіруге негіз болады. Куәлікті қайта қалпына келтіру үшін Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жазбаша өтініш беру қажет, - деп нақтылады ведомство өкілдері.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар