22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды2022 жылы қазақстандықтарға құмар ойындарында қызмет көрсету 8,5 есе көбейді. Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айында ұйымдастырушы компанияларға түскен табыс – 456,2 миллиард теңгені құраған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шетелдік компанияларға да 2021 жылмен салыстырғанда 4,5 есе көп табыс түскен. Жалпы суммасы – 162,9 млрд теңгені құрады.
Құмар ойындарды ұйымдастыру қызмет көрсетуші салалардың арасында алдыңғы орында. Нақытарақ айтқанда, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялардан, сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызметтерден, сондай-ақ компьютерлік бағдарламалау мен консультациялық қызметтерден кейін екінші орында.
Еске салсақ, 2021 жылы 300-ден аса мемлекеттік қызметкерлердің де казиноға миллиондаған қаржы құйған деген ақпарат тараған. Бұл факт Алматы облысында тіркелген болатын. Тексеріс нәтижелері бойынша қызметкерлер құмар ойындарына 507 миллион теңге жұмсағаны анықталды. Қызметкерлердің қатарында 88 полиция өкілдері де бар.
P/s: Былтырғы жылы құмар ойындарына қатысты қылмыстық фактілер де аз тіркелмеді. Жаңа Қазақстан шеңберінде жаңа заңнамалық негіздер қарастырылуы қажет. Экономиканың жағдайына кері әсерін тигізетіні анық.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев